Курс  барысында болашақ маман иелері өз кәсіби саласы бойынша  ақпарат алу, түсіндіру, өтініш айту,  міндеттеу,  бақылау,  компанияны таныстыру, келісу /келіспеу және т.б. сөйлеу жағдаяттарына  қатысып, қарым–қатынасқа түсе алу біліктілігін дамытады.

Студент курс барысында өз саласы бойынша қарапайым нұсқау мәтіндерді оқып, толық түсінеді. Кәсіби мәтіндерді оқып, жалпы ақпаратты табуды үйренеді. Қызметтік хаттардың қарапайым түрлерін, түйіндеме, өтініш, ұсынысхат, құттықтаухат және т.с.с. іскерлік хаттарды жазуды үйренеді.