Қурс қазақ тілін элементарлы деңгейде меңгерген, қазақ тіліне тән негізгі ерекшеліктермен таныс студенттер мен қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдысы қарапайым деңгейде қалыптасқан, ауызекі сөйлеу тілін дамытқысы келетін жергілікті студенттерге арналады. Курс барысында үйренушілер күнделікті қарым-қатынастың әлеуметтік – тұрмыстық және әлеуметтік–мәдени салалары бойынша типтендірілген сөйлеу жағдаяттарында қолданылатын тілдік және сөйлеу құралдарын меңгеріп, оларды қолдануға машықтанады. Студент өзіне жақын таныс адамдар, орындар туралы детальды сипаттама беріп, өз баыснан өткен оқиғаны баяндау іскерлігін меңгереді. Студент осы мақсатқа керекті грамматикалық, лексикалық дағдыларды меңгеріп, белсенді қолдануға жаттығады. Ақпарат құралдары арқылы берілген қысқа хабарларды тыңдап, негізгі ақпаратты түсінуді меңгереді.
- Teacher: Makpal Khamitova