Бұл курста студент мемлекеттік тілді өзінің болашақ мамандығында, кәсіби салада қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білуді үйренеді.
Күнделікті қызмет барысындағы кәсіби әрекетке қажетті коммуникативті мақсаттарды іс жүзіне асыруға қажетті дағдыларды қалыптастырады.
Іскерлікке қатысты байланыстың барлық түрлерінде орын алған іскери сөйлеу әдебін үйренеді. Студенттер өздерінің сөздік қорын мамандыққа қатысты лексикамен және терминологиямен толықтырады. Мамандық саласындағы іскери мәтіндерді, құжаттарды, хаттарды жазуға, ауызекі тапсырмаларды түсіну мен талдауға үйренеді.